
Ағымдағы жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның жаңа екі оқиғасы тіркелді.
Тараз қаласының 1976 жылы туған тұрғыны дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке қатысты шағыммен провизорлық стационарға жатқызылды. ПТР тексерісі оң нәтиже көрсетті.
Екінші науқас Меркі ауданының 1976 жылы туған тұрғыны медициналық мекемеге дене қызуының жоғарылауына, ентігуге, сырылға қатысты шағымданған. COVID-19-ға талдау қорытындысы оң нәтиже берді.
Эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге орналастырылған. Науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылды.