
2020 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайы анықталды.
Науқас Тараз қаласының 1969 жылы туған жұмыссыз тұрғыны. Коронавирусқа алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастың қаңғыбастық өмір кешетіндігі, туыстарымен байланыста жоқ екендігі анықталды. Ол инфекциялық стационарға жеткізілді. Байланыста болған тұлғалар жоқ.
Ағымдағы жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 172 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 84, Байзақ ауданында – 13, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында - 37, Меркі ауданында - 4, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушылары арасынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар ішінен 19 оқиға анықталды.
Барлық індет жұқтырғандардың 55-і сауығып, үй карантиніне шығарылды. Олар дәрігерлердің бақылауында болады.