COVID-2019 бойынша Жамбыл облысындағы жаңа жағдайлар туралы

COVID-2019 бойынша Жамбыл облысындағы жаңа жағдайлар туралы

12 мамырда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 7 жаңа жағдайы анықталды.

Індет жұқтырғандардың бәрі 4 пен 60 жас аралығындағы Қордай ауданының тұрғындары. Олар бұған дейін ауырғандармен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға оқшауланған. Олардан алынған зертханалық талдаулар коронавирустық инфекцияның бар екенін растады.

Науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды. Байланыста болған адамдарды анықтау, оларды оқшаулау және талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 192 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 91, Байзақ ауданында – 18, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында - 44, Меркі ауданында - 5, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан 6, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталған.

Дертке шалдыққандардың 91-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.