COVID-2019 бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдай туралы

COVID-2019 бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдай туралы

12 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 6 жаңа жағдайы анықталды. Науқастардың бірі – 1963 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін ауырған адаммен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға жатқызылған. КВИ-ға алынған талдау қорынтындысы оң нәтиже көрсетті.

Қалған бес науқас – Байзақ ауданының тұрғындары. Олар да індет жұқтырғандармен байланыста болғандығы үшін карантинге оқшауланған. Алынған зертханалық талдаулар коронавирустық инфекцияның бар екенін растады.

Барлық науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды.

Ағымдағы жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 198 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында – 92, Байзақ ауданында – 23, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында - 44, Меркі ауданында - 5, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан 6, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.

Сырқаттанғандардың 91-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.