
13 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның жаңа жағдайы тіркелді.
Науқас 1960 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін ауырғанмен адаммен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға жатқызылған. Алынған зертханалық талдаулар COVID-2019 ауруы бар екенін растады. Науқас инфекцияны жақын туысынан жұқтырған.
Ағымдағы жылдың 12 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 199 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 93, Байзақ ауданында – 23, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында - 44, Меркі ауданында - 5, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталған.
Барлық ауырғандардың 93-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.