
2020 жылдың 16 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы екі оқиғасы анықталды.
Бірінші науқас - Атырау облысының Теңіз вахталық кентінде жұмыс істейтін 1986 жылы туған Жуалы ауданының тұрғыны. Науқас карантиндік стационарға оқшауланған. 15 мамырда материалдар алынып, оң нәтиже көрсетті.
Эпидемиологиялық тексеру барысында 20 жақын байланыста болған адам анықталып, карантиндік стационарға оқшауланды. Олардан алынған талдаулар нәтижелері теріс.
Екінші науқас – 1970 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны. 11 мамыр күні ол өзін әлсіздік, тәбеттің жоғалуына қатысты нашар сезініп, өзін-өзі емдеумен айналысқан. 15 мамырда жағдайы нашарлап, ентігу пайда болып, дене қызуы жоғарылаған. Жедел жәрдем бригадасымен инфекциялық стационардың провизорлық бөліміне жатқызылған. КВИ талдаулары оң нәтиже көрсетті.
Эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыстағы бес адам анықталып, карантиндік стационарға оқшауланған. Ошақтарда дезинфекция жүргізілді.
Ағымдағы жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 203 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында – 93, Байзақ ауданында – 24, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында - 44, Меркі ауданында - 5, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 22 оқиға анықталған.
Барлық індет жұқтырғандардың 123-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.