Жамбыл облысында тағы үш COVID-19 оқиғасы анықталды

Жамбыл облысында тағы үш COVID-19 оқиғасы анықталды

2020 жылдың 18 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы үш оқиғасы анықталды.

Инфекция 1989 жылы туған Тараз қаласы мен 1968 жылы туған Байзақ ауданының тұрғындарынан анықталды.

Үшінші науқас – Тараз қаласының 1938 жылы туған тұрғыны. Ол скрининг бойынша тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар науқас ретінде тексеруден өткен. Ол науқастармен байланыста болмағандығын және өңір аумағынан тыс жерлерге шықпағандығын айтқан.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Ал олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, үй карантиніне оқшауланды. Ошақтарда дезинфекция жүргізілді.

2020 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 206 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 93 жағдай, Байзақ ауданы бойынша – 27, Жамбыл ауданы бойынша – 6, Қордай ауданы бойынша – 45, Меркі ауданы бойынша – 6, Шу ауданы бойынша – 2, Мойынқұм ауданы бойынша – 1 жағдай.

Сондай-ақ, Дели – Тараз рейсінен 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер арасынан 22 оқиға анықталған.

Барлық сырқаттанғандардың 140-ы дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.