
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсқа құжаттар 2020 жылдың 25 мамырынан бастап 15 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған. (Әдістеме сілтемесі).
Конкурс құжаттарын press.ags@mail.ru эл. поштасына жолдаңыз.
Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 87262438810, 87012902211 тел. нөміріне хабарласуға болады.
«Үздік ауыл әкімі»
республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша
әдістемелік ұсынымдар
Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақытылы шешім қабылдай білуі оның қызметінің басты бағыты болып табылады.
Жергілікті деңгейде Әкім мемлекеттік саясатты жүргізуші және оның іс-әрекеті бойынша халықтың бойында жалпы саяси жүйенің мемлекеттік басқарудың тиімділігіне деген көзқарасын қалыптастырады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 74-тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.
1) Конкурстың мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу;
ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.
1) I кезең – өңірлік деңгей (облыстық деңгей) өңірлік конкурстық комиссиялар өткізеді және онда Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталып, олар екінші кезеңге қатысуға ұсынылады;
2) II кезең – республикалық деңгейді республикалық конкурстық комиссия өткізеді, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.
Өңірлік комиссия Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жанында құрылады және 9 адамнан және хатшыдан тұрады.
Өңірлік комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасынан, тәуелсіз сарапшылар және өзге де тұлғалардан құрылады. Өңірлік комиссияның төрағасы Департаменттің басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады.
Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Өңірлік комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерінің 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Әрбір үміткер бойынша шешім Өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағында қойған баллдарды есептеу арқылы және қатысушының рейтнгісін құрастыру арқылы қабылданады.
Отырыс қорытындысы Өңірлік комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеуді тиісті Департаменттің және Әкімдіктің қызметкерлері жүзеге асырады.
Республикалық комиссия 9 адамнан және Агенттіктің қызметкері болып табылатын хатшыдан тұрады.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылары (өкілдері) және өзге тұлғалар кіре алады.
Республикалық комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеуді Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері жүзеге асырады.
Республикалық комиссияның төрағасы Агенттік төрағасының орынбасары болып табылды.
Республикалық конкурстық комиссияның төрағасы конкурс комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясының шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Конкурстың жеңімпаздары Республикалық комиссияның шешімі бойынша анықталады.
Комиссия шешімі комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады;
3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазына материалдарды қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпарат береді.
III. Конкурсты дайындау және өткізу тәртібі
1) осы Әдістемелік ұсынымдарға №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) қызметтік тізім (кадр қызметімен расталған);
4) конкурс қатысушысының сауалнамасы (осы Әдістемелік ұсынымдарға №2 қосымшаға сәйкес);
5) 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (тартылған инвестиция көлемі, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыстылық деңгейі және т.б.);
6) ауылдық аумақты дамыту бойынша таныстыру түріндегі (слайдтармен) жобалық жұмыс, ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейнеролик (ауылды, жұмыс орнын, отбасын, қызығушылығын, хобби және т.б. көрсете отырып).
Жобалық жұмыс ауылдың тұрақтылығын арттыру бойынша, экономикалық және әлеуметтік әсері күтілетін ұсыныстардан тұруы тиіс. Ұсыныстар нақты, дәйекті және іске асырылатын болуы қажет.
1) осы Әдістемелік ұсынымдардың 6 - тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;
2) осы Әдістемелік ұсынымдардың 8 - тармағында көрсетілген құжаттарды толық емес түрде немесе құжаттарды қабылдауды аяқтаудың белгіленген мерзімі өткеннен соң конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Бір ауданнан ең көп балл жинаған 3-тен көп емес ауыл әкімдері конкурсқа қатысу үшін үміткер ретінде айқындалады. Өңірлік комиссия қабылданған шешім туралы үміткерлерді хабардар етеді.
Егер үміткерлер бірдей ұпай сандарын жинаған жағдайда басымдылық күрделі жобаларды іске асырған, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, халыққа барынша «ашық», оған қатысты азаматтардан дәйекті арыз-шағымдар түспеген немес ең аз түскен әкімдерге беріледі.
Сонымен қатар, үміткерлер әңгімелесу алдында келесі бағалау рәсімдерінен өтеді:
1) үміткерлердің мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің сауалнамасы;
2) әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы бойынша қызметін бағалау (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.), осы бағытта қандай жетістіктерге жеткені, азаматтардың мәселелері шешілуде ме және т.б.;
3) жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында сауалнама немесе онлайн дауыс беру (Осы Әдістемелік ұсынымдарға № 5 қосымшаға сәйкес әлеуметтік сауалнама немесе онлайн дауыс беру сұрақтары облыстық Әкімшіліктің ресми сайтында жариялануы тиіс);
4) «Үздік ауылы әкімі» атағына мен неге лайықпын» деген тақырыпта көлемі 3 беттен аспайтын эссе жазу. Эссе осы Әдістемелік ұсынымдарға № 6 қосымшаға сәйкес критерийлерді ескере отырып балдық жүйе бойынша бағаланады.
Республикалық конкурстық комиссияның алдында жеке жобалық жұмысты қорғау бетпе-бет (келу арқылы) немесе бейнебайланыс арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Сонымен қатар, баяндамаға 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, осы уақыт ішінде ұсынып отырған жобаның мәні мен мақсатын, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін мәселелерді, жүзеге асыру кезеңдерін және күтілетін нәтижесін ашып көрсету қажет.
Бағалау критерийлері – бұл жобаны таныстыру түрінің ерекшелігі мен бірегейлігі, материалдың мазмұндылығы, қисындылғы мен дәлелділігі, сұрақтарға нақты жауап беруі, дайындалған көрнекі материалдардың сапасы мен шешендік шеберлігі.
ІV. Конкурстың қорытындысын шығару
26. Конкурсты ақпараттық сүйемелдеуді Әкімдіктер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдау көрсетуімен қамтамасыз етеді.