
6 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның алты дерегі тіркелді. Індетті жұқтырғандар Қордай ауданының 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылы туған тұрғындары болып табылады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 17 наурыз күні Қордай ауданына жақын туысын жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жасар тұрғыны жұқтыру көзі болған.
Байланыста болған адамдарды анықтау, оларды карантиндік стационарға орналастыру, зертханалық зерттеу үшін талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиялық қызметтер ошақтарда олардың тұратын және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілуде.