Жамбыл облысында коронавирустың үш жағдайы анықталды

Жамбыл облысында коронавирустың үш жағдайы анықталды

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді.

Респираторлық ауру белгісімен медициналық мекемеге жүгінген Талас ауданының тұрғыны, 1964 жылы туған әйелден коронавирус инфекциясы табылды.

Сонымен қатар 1945 жылғы Шу ауданының тұрғыны (әйел адам) аталған вирусты жұқтырып алған. Оның жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы бар, коронавирус скринингтік тексеру кезінде анықталған.

Үшінші науқас 1972 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы, ол «Айша бибі» бекетінде мемлекеттік шекарадан өткен кезде анықталған. ЖРВИ белгілерімен ол провизорлық стационарға жатқызылды. Зертханалық зерттеу барысында COVID-19-ды жұқтырғаны анықталды.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, олармен байланысқан адамдар карантинге бақылауға алынды. Ошақтарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

28 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 365 адам тіркелген,
оның ішінде Тараз қаласында – 208, Байзақ ауданында - 35, Жамбыл ауданында - 11, Жуалы ауданында– 1, Қордай ауданында - 46, Рысқұлов ауданында – 8, Меркі ауданында - 7, Мойынқұм ауданында - 1, Талас ауданында – 13, Шу ауданында - 3.

Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер арасынан 26 оқиға анықталды.

Барлық ауырғандардың 180-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үйүкарантиніне шығарылды.