Жамбыл облысында тіркелген коронавирустың екі жаңа дерегі бойынша

Жамбыл облысында тіркелген коронавирустың екі жаңа дерегі бойынша

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Жамбыл облысында коронавирустың екі жаңа оқиғасы анықталды. Екеуі де Қордай ауданынан тіркелді.

Бірінші науқас - ағымдағы жылдың 17 наурызында ауданға келген Нұр-сұлтан қаласының 30 жасар тұрғыны. Ол 30 наурыз күні ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Алынған талдаулар қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Азаматша инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жақын байланыста болған 9 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылды. Зертханалық зерттеу үшін талдаулар алынды.

Екінші науқас бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған 24 жасар азамат болып табылады. Қарым-қатынаста болған бес адам карантиндік стационарға оқшауланды. Олардан зерттеуге материалдар алынды.

Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеулер жүргізді.