Жамбыл облысында коронавирустың 5 жаңа оқиғасы анықталды

Жамбыл облысында коронавирустың 5 жаңа оқиғасы анықталды

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Жамбыл облысы бойынша коронавирустық инфекцияның 5 жағдайы тіркелді.

Атап айтқанда, ЖРВИ белгілерімен провизорлық стационарға жатқызылған облыс орталығының 1983, 2008 және 2011 жылы туған тұрғындарына КВИ диагнозы қойылды. Олар байланыста болған тұлғалар арасынан анықталды. Бұған дейін осы отбасының мүшелерінің бірі дерт жұқтырған.

Сондай-ақ, Тараз қаласының 1983 жылы туған тұрғынының талдауы оң нәтиже көрсетті. Ол да байланыста болған тұлға ретінде бақылауға алынған болатын.

Бұдан бөлек, зертханалық тексеру қорытындысымен аталған диагноз облыс орталығының 1979 жылы тұрғынынан расталды. Ол респираторлық белгілерімен жеке медициналық мекемеге жүгінген.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда дезинфекциялық өндеу шаралары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 29 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 370 жағдайы тіркелген, олардың ішінде Тараз қаласында – 213 жағдай, Байзақ ауданында - 35, Жамбыл ауданында - 11, Жуалы ауданында – 1, Қордай ауданында - 46, Рысқұлов ауданында – 8, Меркі ауданында - 7, Мойынқұм ауданында - 1, Талас ауданында – 13, Шу ауданында - 3.

Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген қызме арасында 26 оқиға анықталды. Барлық індет жұқтырғандардың 187-сі сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.