
30 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 7 жағдайы тіркелді, олар Тараз қаласы, Шу және Қордай аудандарында анықталды.
Шу ауданында төрт адам, оның ішінде 1988 және 1972 жылы туған екі вахталық жұмысшы, 1966 жылы туған бір медициналық қызметкер және 1994 жылы туған жүкті әйел инфекция жұқтырған.
Сондай-ақ,Тараздық екі зейнет жасындағы тұрғыннан КВИ диагнозы расталды. Облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны профилактикалық іс-шара аясында тексеруден өткен. Өз кезегінде созылмалы өкпе ауруымен есепте тұрған 76 жастағы екінші тұрғын клиникалық белгілерімен ауруханаға жатқызылған.
Бұдан бөлек,Қордай ауданында жуырда Түркістан облысынан келген 18 жасар тұрғыннан да инфекция табылған.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 30 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 377 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 215, Байзақ ауданында - 35, Жамбыл ауданында - 11, Жуалы ауданында – 1, Қордай ауданында - 47, Рысқұлов ауданында – 8, Меркі ауданында - 7, Мойынқұм ауданында - 1, Талас ауданында – 13, Шу қаласында - 7.
Сондай-ақ, Дели -Тараз рейсі жолаушыларынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 26 оқиға анықталды.
Сырқаттанғандардың 190-ы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.