Ақмола облысының тұрғынымен байланыста болған жамбылдықтар коронавирусқа тексерілді

Ақмола облысының тұрғынымен байланыста болған жамбылдықтар коронавирусқа тексерілді

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 15-18 наурыз аралығында коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарының аумағына келіп-кеткен.

 

Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер марқұммен  байланыста болған 16 тұлғаны анықтады: Шу ауданында – 10, Меркі ауданында – 6. Олардан коронавирустық инфекциясына алынған талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті.

 

Азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, коронавирустық инфекцияның белгілері жоқ. Олар 14 күндік карантиндік стационарға жатқызылған.

 

Келген орындарында медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізді.