26 наурыз күні Жамбыл облысының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментіне коронавирусты инфекция диагнозы расталған Ақмола облысының тұрғынының қайтыс болғандығы туралы ақпарат түсті.
Оның ағымдағы жылдың 15-18 наурыз аралығында Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарының аумағына келіп-кеткендігі анықталған.
Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер марқұммен байланыста болған тоғыз тұлға анықталып, карантинге жатқызылды. Шу ауданында – 3, Меркі ауданында – 6. Олардан коронавирустық инфекциясына талдаулар алынды. Барған орындарында эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізілді.