Ағымдағы жылдың 12 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 9 жағдайы тіркелді.
Тараз қаласының 40-74 жас аралығындағы тұрғындар арасында 5 жаңа жағдай расталды. Барлық жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған. Сондай-ақ, облыс орталығының 2001 жылы туған екі тұрғынынан да коронавирус инфекциясы табылды, олар бұған дейін ауырғандармен байланыста болғандар. Тағы бірі Алматы қаласынан келген 1984 жылы туған тұрғыннан тіркелді.
Бұдан бөлек, Меркі ауданының 1955 жылы туған тұрғыны да дертке шалдыққаны белгілі болды.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 12 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирус инфекцияның 476 жағдайы тіркелген. Барлық ауырғандардың 299-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
