COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

Ағымдағы жылдың 22 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 16 жағдайы тіркелді.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 30-62 жас аралығындағы тұрғындар арасында 7 оқиға анықталды. Сондай-ақ, Жамбыл ауданының 1988, 1971, 1960, 1962 жылдары туған 7 тұрғыннан, Байзақ ауданының 1967, 1951 жылы туған 2 тұрғынынан, Т. Рысқұлов ауданының 1960, 1979 жылдары туған 2 тұрғынынан, Жуалы ауданының 1967 жылы туған 1 тұрғынынан ауру расталған.

Барлық науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 22 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 616 жағдайы тіркелген. Сондай-ақ, өткен тәулікте жалпы статистикаға кірмейтін 56 симптомсыз тасымалдаушы анықталған. Өңірде барлығы 344 белгісіз тасымалдаушы бар.

Барлық індет жұқтырғандардың 402-сі емделіп, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.