Партия мүшелері мәслихаттар сайлауына дайындалуда

Партия мүшелері мәслихаттар сайлауына дайындалуда

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев саяси партиялар филиалдарының басшыларымен кездесті.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шабден Тілеумұрат, «Ауыл» ХДПП филиалының төрағасы Ерболат Саурықов, «Ақ жол» ДП филиалының жетекшісі Асан Қошмамбетов, Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Бастаубаева қатысты.

Бердібек Сапарбаев саяси партиялар маңызды шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға белсенді қатысып отырғандығын атап өтті.

- Елімізде көппартиялы жүйе дамып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси партиялар туралы» Заңға, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулерге қол қойған болатын. Өзгерістер сапалы партиялық жүйе құруға, саяси партиялар құру құру тәртібін жеңілдетуге, нәзік жандылар мен жастарды елдің қоғамдық-саяси үдерістеріне белсенді түрде тартуға бағытталған,-деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев партия мүшелерін өзекті мәселелерді шешуге көмектесуге және олардың орындалуын бақылауға шақырды.

Кездесуге қатысушылар партиялардың жамбыл облысындағы барлық филиалдарында қазіргі уақытта онлайн режимінде қоғамдық қабылдаулардың жұмыс істеп жатқандығын жеткізді. Олар сонымен қатар мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуына бақылау жүргізуге атсалысу керек.

Облыс әкімі алдағы мәслихаттар сайлауына назар аударып, оған дайындық жұмыстарының сапалын жүргізілуінін маңыздылығын атап өтті. Партия өкіледерінің айтуынша, сайлау науқанына дайындық барысы қарқынды ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ, кездесуге келгендер ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орамды ойларын ортаға салды.