Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы қаулы

Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы қаулы

Жамбыл облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қатаң шектеулі карантиндік шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Тараз қаласының, облыс аудандарының әкімдері, құқық қорғау және арнайы органдардың 2020 жылғы 6 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап қамтамасыз етуі тиіс:

1) қалааралық, облысішілік автобус қозғалысын тоқтата тұру;

2) ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) өткізуге, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

3) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салуды;

4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды;

5) барлық мәдени нысандардың (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салуды;

6) діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.)  қызметін тоқтата тұруды;

7) балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балаларға арналған түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметіне тыйым салуды;

 8) фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;

9) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюр көрсетілетін қызметтеріне тыйым салуды;

10) Азық-түлік және азық-түлік емес жабық (ғимараттардағы, үй-жайлардағы) базарлардың қызметіне тыйым салу;

11) қоғамдық орындарға, оның ішінде көпшілік жиналуы мүмкін нысандарға бара жатқан кезде, барғаннан соң бетперде кию және антисептиктерді қолдану талаптарын қатаң сақтауды;

12) 65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруын шектеуді;

13) саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруды 22.00-ден 07.00-ге дейін шектеу;

14) маскалық режимді сақтай отырып, салонда екі жолаушыны немесе бір отбасы мүшелерін тасымалдау бойынша такси қызметіне рұқсат беруді;

15) қоғамдық көлік қозғалысына сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін, сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат беру;

16) жеке автокөліктің аудандар арасында жүріп-тұруына рұқсат беру;

17) жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат беру;

18) ауданы 500 м2 аспайтын азық-түлік емес дүкендердің қызметіне, ауданы 500 м2 асатын азық-түлік емес дүкендердің жеткізіп беру бойынша  қызметіне рұқсат беру;

19) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда);

20) аймаққа бөлу және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне рұқсат беруді;

21) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақ үйлердің, қонақ үйлердің, санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің, туристік базалардың қызметіне рұқсат беру;

22) дәріханалардың әдеттегі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беру;

23) азық-түлік дүкендерінің қызметіне (минимаркеталар, супермаркеттер, гипермаркеттер) 09.00-ден 20.00-ге дейін, үй жанындағы дүкендердің қызметіне 08.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат беру;

24) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін тек қана ашық ауада (жазғы алаңдар) 30 отыратын орыннан аспайтын, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шығаруға және жеткізу режимінде жұмыс істеу мүмкіндігімен рұқсат беру;

25) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметіне рұқсат беруді;

26) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, уақыт бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеуді сақтай отырып,  халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне рұқсат беруді;

27) уақыт бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейінгі шектеуді  және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), букмекер кеңселерінің қызметіне рұқсат беруді;

28) ХҚКО жұмысын Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграм-бот арқылы алдын-ала брондау бойынша жұмыс күндері уақыт режимін  9.00-ден 15.00-ге дейін, Call орталықтардың жұмысы сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін ал, жексенбі және мереке күндері тыйым салу;

29) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және уақыт бойынша сағат 09.00-ден 17.00-ге дейінгі шектеуді сақтай отырып және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыруды;

30) ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат беру;

31) қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына және басқа да қоғамдық орындрға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

32) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етуді қамтамасыз етсін.

  1. Тараз қаласы, облыс аудандарының әкімдері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, полиция департаменті қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолдансын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантиндік шектеулерді ұзарту және күшейту мүмкіндігімен 2020 жылғы 6 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

 

Жамбыл облысының Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігер м.а                                                    Н.Муликова