
Ағымдағы жылдың 14 шілдесіндегі мәлімет бойынша, Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның 79 жағдайы тіркелген, оның ішінде 37 симптомдық, 42 симптомсыз.
Симптомдық тасымалдаушылар инфекциялық стационарға тасымалданады. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Атап айтсақ, Тараз қаласында 23-тен 84 жасқа дейінгі тұрғындар арасында 24 жағдай анықталған.
Талас, Жуалы, Байзақ аудандарында 3 оқиғадан, Меркі және Жамбыл аудандарында 1, Қордай ауданында 2 жағдай расталды. Науқастар емханаға жіті респираторлық вирустық инфекцияға қатысты шағыммен жүгінген.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Тараз қаласында 12, Шу ауданында – 9, Сарысу ауданында – 7, Қордай ауданында – 4, Талас ауданында – 3, Байзақ, Жуалы Т. Рысқұлов ауданындарында екеуден және Мойынқұм ауданында 1 сипмтомсыз тасымалдаушы белігілі болған.
Олардың барлығы үй карантиніне алынған.
Ағымдағы жылдың 14 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 2346 жағдайы тіркелген. Олардың 1244-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй караниніне шығарылған.