Ағымдағы жылдың 28 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 52 жағдайы тіркелді, оның 17-симптомдық, 35-і симптомсыз.
Атап айтсақ, Жуалы ауданында 5, Меркі және Шу аудандарында 3, Байзақ ауданы және Тараз қаласында 2, Қордай және Талас аудандарында 1 симптомдық жағдайдан тіркелді.
Өткен тәулікте 10 зейнеткер коронавирус жұқтырған.
Ауыр жағдайдағы симптомдық тасымалдаушылар жұқпалы аурулар мен уақытша ауруханаларға жеткізілді. Жеңіл және орташа деңгейдегі науқастар үй карантинінде ем қабылдайды.
Олармен байланыста болған тұлғалар карантин алынды.
Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Сонымен қатар, Тараз қаласында 18, Меркі және Жуалы ауданындарында 4, Қордай және Т.Рысқұлов аудандарында 3, Байзақ, Шу, Талас аудандарында 1 симптомсыз жағдайлардан анықталды. Олардың ең кішкентайы 4 жаста болса, ең үлкені 81 жаста. Барлығы үй карантиніне оқшауланды.
Жалпы, ағымдағы жылдың 28 шілдедегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 3391 жағдайы тіркелген. Оның 1471-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
