
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қабылдауына жазылған 12 азаматтың мәселесін тыңдады. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Меркі, Талас ауданының тұрғындары бар.
Қабылдауда болған азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, ветеринария, кәсіпкерлік, жол және жер саласына қатысты ұсыныстар мен өтініш-тілектерін айтты. Өзге де мәселелер бойынша шағымдарын білдірді.
Ербол Қарашөкеев жауаптыларға өтініш иелерінің мәселелерін мұқият зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау бойынша тапсырма берді.