
№ 1 магистральдық байланыс желісі мен теледидар техникалық торабы (1 -МЖТТ) Сізге Жамбыл облысы учаскесінде зақымдануы мемлекетке залал келтіруі мүмкін қалааралық кәбілдік байланыс желіжолының жер асты және/немесе әуе (тіректер/бағаналар арқылы өтетін) құрылғылары өтетінін хабарлайды. Кәбілдің қорғау аймағындағы барлық жұмыстар (кәбілдің екі жағынан 2 метрден және әуе желілерінің шеткі сымдарынан 2 метрден) тек қолмен және соқпалы аспаптарды (шой балғаларды, қайланы, сүймендерді, кетмендерді) қолданбай және «Қазактелеком» АҚ өкілінің қатысуымен ғана жүргізілуі тиіс. Өлшемдері тіректердегі кәбіл аспасының биіктігіне тең немесе одан асатын әуе байланыс желілері сымдарының астында автокөліктің, тракторлар мен механизмдердің өту жолдары мен тұрақтарын орнатуға жол берілмейді.
Кәбілді қорғау аймағында немесе қорғау аймағына жақын жерде құрылыс және басқа жер жұмыстарын тек ғана Алматы қ., Ермака 17 к-сі мекенжайы бойынша орналасқан 1- МЖТТ-мен келісілген жоба бойынша орындауға рұқсат беріледі
ЖҰМЫС ІСТЕЛІНІП ЖАТҚАН УЧАСКЕДЕ КЕНЕТТЕН КӘБІЛ ТАБЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ДЕРЕУ ЖҰМЫСТЫ ТОҚТАТЫП БІЗДІҢ ӨКІЛДІ ШАҚЫРТЫҢЫЗ. КӘБІЛ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ОНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ МІНДЕТТІСІЗ.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету» Ережелері
БАЙЛАНЫС КӘБІЛІНІҢ ЗАҚЫМДАЛҒАНЫНА КІНӘЛІ ТҰЛҒАЛАР, ҚР ҚК 398 БАБЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
____________________________________________________________________________________
ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛДЫНДА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӘБІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІНІҢ МЫНА МЕКЕНЖАЙ:
Қордай ауданы бойынша: қ. Қордай а., Толе би 100,
тел. 8 (72636) 2-17-35, 8-707-153-50-43, 8-708-583-05-53, 12-ЖКҚЦ.
Шу, Мойынқұм аудандары бойынша: Шу қ., Балуан шолак к-сі. 1,
тел. 8 (72643) 2-28-30, 8-705-104-75-50, 8-708-106-54-64, 13-ЖКҚЦ.
Байзақ, Талас, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу, Меркі ауданы бойынша:
Тараз қ., Момышұлы к-сі, 34,
тел. 8 (7262) 33-67-10; 8-777-467-46-74; 8-707-467-46-74, 116-ЖКҚЦ.