Жамбыл облысындағы «қызыл» мәртебесімен ASHYQ бағдарламасын қолданған азаматтардың тізімі

Жамбыл облысындағы «қызыл» мәртебесімен ASHYQ бағдарламасын қолданған азаматтардың тізімі

Жамбыл облысының  14  тұрғынына үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу" бойынша 91890 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.               COVID-19 инфекциясына оң ПТР тесті нәтижесі бар Жамбыл облысының тұрғындары қоғамдық орындарға барып, "ASHYQ" бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, дәмхана, жоғарғы оқу орындары және т.б. нысандардың қызметтерін пайдаланған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.

Қиын эпидемиологиялық күндерде тәртіпті сақтау әр адамның азаматтық міндеті. Бұл тек өзі үшін ғана емес, өз балаларының, отандастарының және бүкіл қоғамның денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты үшін де үлкен жауапкершілік.

Құрметті "ASHYQ"жобасына қатысатын кәсіпкерлер мен мекеме басшылары! Сізден жобаның талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, бұл сізді және сіздің қызметкерлеріңізді, сондай-ақ облыс тұрғындарын короновирустық инфекциядан қорғайды.

Жамбыл облысында «қызыл» мәртебесі бола тұра 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімі:

  1. Утеулиева Г. - Тараз қаласы
  2. Баймуратов Н. - Тараз қаласы
  3. Қарабала А. – Тараз қаласы
  4. Ажигулова Х. – Тараз қаласы
  5. Айменова М. – Тараз қаласы
  6. Калдарова А. – Тараз қаласы
  7. Маслова Н. - Тараз қаласы
  8. Бочарова В. – Тараз қаласы
  9. Данаева М. – Т.Рысқұлов атындағы ауданы
  10. Орынтаев Н. – Жамбыл ауданы
  11. Раджабова Г. – Жамбыл ауданы
  12. Өмірзақ М. – Байзақ ауданы
  13. Маглумбек М. – Қордай ауданы
  14. Апостолиди С.– Талас ауданы