«Тәуелсіздік ұшқыны» стелласы бой көтерді

«Тәуелсіздік ұшқыны» стелласы бой көтерді

Таразда қала күні мерекесіне орай Қ.Рысқұлбеков саябағында «Тәуелсіздік ұшқыны» стелласы орнатылып, аллеясы ашылды.

Аталған архитектуралық элементтің ені – 4,4 метрді, биіктігі– 4,6 метрді құрайды. Ондағы алау оты жалындаған жастардың тәуелсіздікке деген ұмтылысын, ерік-жігерін білдіреді. Идеялық мазмұны – қазақ жастарының азаматтық намысы мен жігерінен бастау алған қозғалыстың нәтижесінде Тәуелсіз ел құрылғанын бейнелеу.

Стелланың ашылуында Тараз қалалық қоғамдық Кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Санат Қонарбаев сөз сөйлеп, шаһар шырайын келтіретін мұндай мағыналы архитектуралық элементтің өскелең ұрпақ санасына оң әсер етерін айтты.