
Таразда қала күніне орай Қ.Рысқұлбеков саябағында Желтоқсан оқиғасының тарихи деректерінен сыр шертетін «Желтоқсан, 86» орталығы салынды.
Орталықтың жалпы алаңы 280 ш.м. құрайды.Аталған орталықта Қ.Рысқұлбековтың жеке заттары мен оқиғаға қатысты құнды деректер жинақталған бұрыш, облыстан қатысқан жастар туралы деректер, белгілі тұлғалардың жазбалары мен БАҚ материалдарынан құралған көрме орналасқан.
Сондай-ақ, Қ.Рысқұлбековтың аты жазылған маңдайша мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және өзге де ұлы тұлғалардың тәуелсіздікке жету жолындағы айтылған ел рухын көтеретін дәйекті сөздері жазылған тақталар қойылды.