Қала күніне орай «Жеңіс» саябағында Тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Қала күніне орай «Жеңіс» саябағында Тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Жеңісті жақындатуға тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.

Біздерге бақытты болашақ пен шуақты күн сыйлаған айбынды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға құрмет жасау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Отан қорғау жолында қан майданға аттанып, елін, жерін қорғаған ер-азаматтардың жанқиярлық ерлігі, тылда еңбек еткен алдыңғы буын өкілдерінің төзімділігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз адалдықтың, Отан сүйгіштіктің үлгісіндей болып қала бермек. 

Соғыс жылдарында тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрмет көрсету, ортамызда жүрген ардақты ардагерлерімізді қадірлеу перзенттік парызымыз. Сондықтан оларға зор құрметтің белгісі ретінде игі іс қолға алынып, ескерткіш бой көтеріп, қала күні мерекесі қарсаңында пайдалануға беріліп отыр. Тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткішті ашу рәсіміне тыл ардагерлері Жәнібек Майқанов және Раиса Жандосова және өзге тыл ардагерлері мен олардың ұрпақтары қатысты.