АҚПАРАТ ПАРАҒЫ
2021 жылдың 25 маусымы күні Облыс, аудан әкімдері аппараттарының басшылары және Жамбыл облысының Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының қатысуымен бейне-конференс байланысы арқылы кеңес өтті.
Кеңесте Жамбыл облысы бойынша 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу» мәселелері талқыланды. Олардың ішінде: кандидаттардың құжаттарын ұсыну тәртібі, олардың заң талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті құзырлы мекемелерге күнтізбелік жоспарда белгіленген мерзімде жолдау, тиісті жауаптарын алу, сайлаушылар тізімдерінің өзектілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлау өтетін әрбір ауылдық округтің шекарасында орналасқан сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы және т.б. мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.