Су үнемдеу технологиясын енгізу - өнімділікті арттырады

Су үнемдеу технологиясын енгізу - өнімділікті арттырады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Талас ауданына арнайы іссапармен барды. Өңір басшысы өз жұмысын "Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас» облыстық мәндегі тас жолының  құрылысымен  танысудан бастады. Қаратау қаласынан «Самал» биігіне көтеріліп, Тараз қаласына қарай бет алатын жолдың алғашқы бөлігінің сапасыздығы былайғы жолаушылардың жүріп-тұруына қиындық туғызып келгені рас. Ойлы-қырлы болып келетін аталмыш жолдың шұңқырларына аракідік жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен мұндай шара мәселені толыққанды шеше алмайтын еді.

Осы жылдың сәуір айынан бастап мердігер «АрайСтройМаркет-2003» ЖШС 70 шақырымдық орташа жөндеуден өтуге тиіс жолдың осы бөлігіне қатысты жұмыстарды бастап кеткен.  Тамыз  айында бітуге тиіс бұл нысанға 396,2 млн. теңге қаражат бөлінген.

Бұдан кейін облыс əкімі Қаратау қаласындағы үшінші шағын ауданында қайта жаңғыртылудан өтіп жатқан №17-ші көпқабатты тұрғын үйдің құрлысын көрді. 64 пəтерден тұратын көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын "Агроспецстрой" ЖШС жүргізуде. Оны күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 510 миллион теңге бөлініпті. Компания өкілі Рустем Қуатовтың айтуынша, құрылысқа 62 адам тартылған. Оның 60 пайызын қала тұрғындары құрайды. Қазіргі таңда құрылысшылар көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жауып, ішкі-сыртқы сылақ жұмыстарын бастап кеткен.  Аудан əкімі Қанатбек Мəдібек биыл 44 пəтерден тұратын үшінші шағын аудандағы  №5-6 жатахқаналардың құрылысын бастауды жобалап отырғанын айтты.

Бұдан кейін "Ақкөл-Қойгелді" автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысымен танысты. Құрылысы сəуір айында басталды. Оны "Рауан" ЖШС жүргізуде. Жол жөндеуге 732 миллион теңге бөлінген. Серіктестік өкілдері жолды қазан айында тарсыратындықтарын айтуда.

Ал Ақтөбе, Қызылəуіт жəне Ақкөл ауылдарына газ тарту жұмысының барысымен "Тараз строй - 2004" ЖШС директоры Қуат Баққараев таныстырды. Оның айтуынша, газдандыру жұмысына 2 милиард теңгеден аса қаржы бөлінген. Жоба 2022-2023 жылдарға өтпелі. Қазіргі таңда 88 километрді құрайтын газі желісінің 22 километіріне құбыр тартылған.

Сондай-ақ Көктал су құбырының жұмысымен жəне Ақкөл су қоймасының жұмысымен танысты.

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Ақкөл мəдениет үйінде ауыл ардагерлерімен кездесті. Ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Досболат Туғанбаев ауылдың сексен жылжық тарихымен таныстыра келіп, "соңғы жылдары біздің ауылға да көңіл бөліне бастады. Су қоймасы жөнделді. Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің шатыры ауыстырылды. Енді Ақкөл орта мектебін жəне мəдентет үйін жөндеуге қаржы бөлдірсеңіз, ауылдық дəрігерлік амбулаториясына жедел жəрдем көлігін алуға ықпал етсеңіз" - деп ауыл тұрғындарының өтінішін жеткізді. Ал ауыл қариясы Бостандық Темірбеков ауыл мен Тараз қаласы арасында  қоғамдық көлік жүргізуге ықпал етуін сұрады.

- Ақкөл бұрын аудан орталығы болған. Кейін оған көңіл бөлінбей қалып еді. Енді мəн беріле бастады. Сіздердің айтқан ұсыныстарыңызды қарап, шешуге тырысамыз. Бұдан былай Ақкөлге көңіл бөлінетін болады. Əркім өз ауласына қарап, тал-дарақ отырғызып, үй іргесіндегі жер телімдерін игеруі керек өз отбасы үшін, - деді Бердібек Машбекұлы.

Содан кейін ауыл іргесіндегі Ақкөл каналының жұмысымен де танысты. Бұрын бұл каналдандан 1345 гектар егістік ылғалдандырылыпты. Қазіргі таңда ұзындығы 23 километрден аса каналдың науасын ауыстыру керек екен. Бүгінгі таңда каналдан суарылатын жердің бар болғаны 551 гектары ғана ылғалдандырылуда. Канал науасының бұзылған тұстарын қайта қалпына келтіру үшін 1,5 миллиард теңге қажет.

"Бекен"шаруа қожалығының жетекшісі Нұржапар Исахметов Ақкөл су қоймасының жөнделуі арқылы егіс алқаптарын ылғалдандырып отырғаны жеткізді.

- 1,5 мың ектар егістік деген аз жер емес. Оны тиімді пайдалануымыз керек. Бұл каналды қайта қалпына келтіру үшін республикадан қаржы сұрайтын боламыз. Мал азығын дайындауға барынша мəн берген дұрыс. Жоңышқадан екі-үш орым алуға болады. Негізінен шаруашыляқтарға су үнемдеу технологиясын енгізбей болмайды, - деді облыс əкімі. Бұдан кейін облыс əкімі Қызылəуіт ауылында болып, "Еламан" жəне "Кəусар"  шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ демеушілердің күшімен салынған спорт кешені мен моншаны көріп, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Одан кейін "К.Оязбекұлы" атындағы "Көктал" ЖШС егіс алқабымен танысты. Серіктестік қарамағында 300 гектар жоңышқа алқабы бар.  Серіктестік директоры Берік Қасымов айтуынша, шаруашылық ол алқаптан қолдағы 5  мың ұсақ мал мен 300 бас сиырдың азығын осы арадан жинап алады екен. Биыл қосымша  сүт фермасын салуды жоспарлауда. Сондай-ақ онда өнертапқыш, жас ғалым Дəулет Егембердиев Талас ауданынан 60 гектар жер алып биомелиорантты пайдаланып тұзды құнарсыз жерлерді қалпына келтіру барысындағы жұмысымен, басқа да жобаларымен таныстырды. Жас өнертапқыштың жобасы Бердібек Машбекұлын да қызықтырмай қоймады. Сапар соңында облыс əкімі тағы да таластық шаруаларға шаруашылықтарға су үнемдеу технологиясын енгізіп, осы бағытта жұмысты жандандыруды тапсырды.