Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды онлайн режимінде қабылдау өткізді.

Қабылдауға Жамбыл ауданының тұрғыны Ермұханбет Берсүгір бірден бірнеше сұрақпен келіпті. Ол «Қарасай-2020» кооперативінің қызметіне, жайылымдық жердің жетіспеушілігіне, каналдарды жөндеуге және ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобасына қатысты сауалдар жолдады.

Ал, Шу ауданының тұрғыны Сәндігүл Тұрғымбаева жайылым мәселесін көтерді.

Бердібек Сапарбаев барлық ұсыныстар мен сұрақтар назардан тыс қалмайтынын, олар бойынша заң аясында егжей-тегжейлі зерделеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.