COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (03.11.2020)

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (03.11.2020)

Ағымдағы жылдың 3 қарашасындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4 дерегі тіркелді.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 64 жастағы ер адам өз еркімен тексерістен өтіп, коронавируске тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті.

Олармен байланыста болған адамдар карантинге алынады. Ауру ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Сондай-ақ, коронавирус 46 жастағы Меркі ауданының, 34 жастағы Тараз қаласының, 28 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғынынан да анықталды. Оларда ауру симптомсыз өтуде.

Жалпы, ағымдағы жылдың 3 қарашасындағы жағдайға сәйкес Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4199 жағдайы тіркелді, ауруханалардан 4094 науқас емделіп шықты.