
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3 симптомдық жағдайы тіркелді.
Атап айтсақ, Тараз қаласының 56 жастағы тұрғынынан коронавирус расталды. Ол дәрігерлерге жоғары температура мен ентігу және әлсіздіккке қатысты шағымдармен жүгінген. Дәл осындай белгілермен жүгінген облыс орталығының 53 жастағы әйелден де аталған инфекция табылған. Байланыста болған тұлға ретінде тексерістен өткен оның 27 жасар қызына да коронавирус диагнозы қойылды.
Науқастармен байланыста болған адамдар карантинге алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция шаралары жүргізілді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4119 жағдайы тіркелген десек, 4008 адам емделіп шыққан.