Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

2022 жылдың 24 маусымында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында Жамбыл облысының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне (жалпы саны 31 адам) арналған «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша оқыту тренингі өтті.

Тренингті Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашты.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Р.Садырқұлов оқыту тренингке қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта бірге оқыту жұмыстарын жүргізуге дайындығын мәлімдеді.

Оқытуды ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығының базасында оқып келген сертификатталған тренерлер жүргізді.

 

Оқытудың жоспарына сәйкес тренингтің екінші бөлімі практикалық кейстерді талдаумен жалғасты. Екі топ іскерлі ойынын көрсетті. Сарапшылар кейстердегі болған жағдайды талдады.

Тренингтің нәтижесі бойынша комиссия мүшелері ой пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта практикада болған жағдайларды  іскерлік ойын ретінде көрсетуді ұсынды.

Дата публикации
27 июня 2022
Дата обновления
27 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы