Жамбыл облыстық референдум комиссиясының хабарламасы.
2022 жылғы 31 мамырда Жамбыл облыстық референдум коммиссиясы төрағасының орынбасары С.Қ.Мадиева Шу ауданында жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапары шеңберінде республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша Шу аудандық референдум комиссия мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Республикалық референдумның өзектілігіне, ерекшеліктеріне, жұмыс жүргізу барысында туындауы мүмкін қиындықтарға тоқтала кетіп, заң аясында, ережелерге сәйкес кемшіліктерді болдырмау және оңтайлы шешім шығару жолдарын түсіндіп өтті. Басты назарды мүгедектігі бар азаматтарға көңіл бөлуді, олардың құқықтарының қорғалуы және референдумға еш бір кедергісіз қатысуына барлық жағдайды жасау керектігін атап өтті. Шу ауданының №419, №420, №422, референдум өткізу учаскелерінің дайындығы, жұмыс барысымен танысты.
Дауыс беруге арналған учаскелік материалдық-техникалық жарақтандыру, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері, сондай-ақ 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда БАҚ өкілдері, бақылаушылар, дауыс берушілерді ережеге сәйкес тіркеу нұсқаулық бойынша толық ақпаратпен таныстып өтті. Сөз соңында, алдағы саяси науқанды аброймен атқарып шығуымызға сәттілік тіледі.