Меркі аудандық референдум комиссиясының хабарламасы
2022 жылғы 30 мамырда Жамбыл облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары С. Қ. Мадиева Меркі ауданында жұмыс сапармен болды.
Жұмыс сапары шеңберінде республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша Меркі аудандық референдум комиссиясының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Республикалық референдумның өзектілігі, ерекшеліктері, ұйымдастырылуы туралы мәселелерге тоқталып, Меркі ауданының №271, 275, 280, 281 референдум өткізу учаскелеріннің жұмысымен танысты.
Дауыс беруге арналған учаскелерді материалдық-техникалық жарақтандыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері, сондай-ақ, 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру тәртібі туралы толық мәліметтер берді.