Меню

Страницы

Статья

ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮЗДІК ӘКІМ АНЫҚТАЛДЫ

I КЕЗЕҢ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮЗДІК ӘКІМ АНЫҚТАЛДЫ
«ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» республикалық конкурсының Жамбыл облысында өңірлік деңгейдегі комиссиясының отырысы онлайн форматта «ZOOM» қосымшасы арқылы өткізілді.

Аталған конкурсқа Жамбыл облысының 10 ауданынан 14 ауылдық округ әкімдері өз құжаттарын тапсырып, оның ішінде 5 ауыл әкімдері әңгімелесуге жіберілген болатын.

Атап айтқанда, Байзақ ауданы Түймекент, Жамбыл ауданы Полатқосшы, Жуалы ауданы Жетітөбе, Қордай ауданы Жамбыл, Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Өңірлік конкурстық комиссиясының отырысында ауылдық округ әкімдерімен жеке әңгімелесу жүргізіліп, олардың жобалық жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді бағалау сияқты іріктеу кезеңдерінен өтті.
Қортындылай келе, ауылдық округ әкімдерінің арасынан I кезең өңірлік конкурсының нәтижесінде жеңімпазы болып Жамбыл ауданы, Полатқосшы ауылдық округі әкімі Ержан Данаев танылып, республикалық кезеңде Жамбыл облысның атынан қатысатын болады.
Атап өту қажет, аталған конкурстың мақсаты – жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және оларды көтермелеу болып табылады.

Дата публикации
25 августа 2021
Дата обновления
25 августа 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы