2021 жылғы 8 қаңтарда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Кездесуде Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 29 қазандағы №36/343 "2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері туралы"қаулысын іске асыру мәселелері қаралды.
Семинарда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов жоғарыда аталған қаулыға сәйкес атқарылған жұмыстармен таныстырды. Атап айтқанда, олар учаскелік сайлау комиссияларының мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдауға, аумақтық сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша ақпараттық материалдарды қолжетімді форматта дайындауға шақырылды, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмыста жергілікті атқарушы органдарға жәрдемдесу және мүмкіндіктері шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі мен дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері қозғалды, дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау кезінде.