Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік әріптестік қамтамасыз етіледі

Мемлекет атынан тиісті атқарушы органдар, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер атынан белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдері әлеуметтік әріптестік тараптары болып табылады. Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдары арқылы Тараптардың өзара іс – қимылы нысанында: 1) республикалық деңгейде – әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі-республикалық комиссия)арқылы қамтамасыз етіледі.; 2) салалық деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі – салалық комиссия); 3) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрі – өңірлік комиссия); 4) ұйымдар деңгейінде-Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде жұмыскерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді белгілейтін ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етеді. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай қағидаттар негізінде қалыптастырылады: 1) комиссиялардың қызметіне Атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі; 2) тараптардың өкілеттілігі; 3) тепе-тең өкілдік ету; 4) тараптардың тең құқылығы; 5) тараптардың өзара жауапкершілігі. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік мынадай міндеттерді шешуге бағытталған: 1) Әлеуметтік, Еңбек және соған байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін құру; 2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға жәрдемдесу; 4) барлық деңгейлерде әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу; 5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу; 6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар Тараптардың орындауы үшін міндетті тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін органдар болып табылады. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету: 1) республикалық деңгейде – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға; 2) салалық деңгейде – тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарына жүктеледі; 3) өңірлік деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.

Дата публикации
22 июля 2021
Дата обновления
22 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы