2021 жылы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.
Жамбыл облысында ауыләкімдерінің сайлауы өтетін 38 сайлау округіне 122 кандидат ұсынылды. Олардың 76-сы (62%) саяси партиялармен, 46-ы (38%) өзін-өзі ұсыну тәртібіменұсынылды.
Саяси партиялар 38 сайлау округіне төмендегіше өз кандидатураларын ұсынды:
«NurOtan» партиясынан 31 кандидат;
«Ауыл» ХДПП – 16 кандидат;
«Ақ жол» ҚДП – 16 кандидат;
«АDAL» саяси партиясынан – 2 кандидат;
ҚХП – 11 кандидат;
ЖСДП – 0 кандидат.
Бір орынға орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 кандидат болды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру және оларды тіркеуді 2021 жылдың 14 шілдесінде сағат 18.00-де аяқтауға ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 109 кандидат немесе 89 пайызы тіркелді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.