ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі мен Жамбыл облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Жамбыл облысының жұмыс берушілерінің өкілі арасында 2021- 2023 жылдарға арналған өңірлік Үшжақты келісімге қол қойылды.
Жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев, Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов және Жамбыл облысының жұмыс берушілерінің өкілі Ғұлам Умаров, кәсіподақ жетешілері қатысты.
Жиналыс барысында әлеуметтік әріптестер Үшжақты келісім аясында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жұмысшылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралардың деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға уағдаласты.