Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы  

Жамбыл облысында аумақтық сайлау комиссияларының кеңейтілген отырыстары Жамбыл  Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың қатысуымен  өтуде.

Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралуда:

  • Аумақтық сайлау комиссияларының 2020 жылы атқарылған жұмыстарының қорытынды есептері.
  • 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысы туралы.
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мен даярлау барысында жоғары белсенділік танытқан азаматтарды марапаттау туралы.

 

Күн тәртібіндегі 1-2 мәселелер бойынша Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есептерін беруде.

2021 жылдың наурыз айының 16-18 жұлдызында Тараз қ-сы, Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Мойынқұм, Шу аудандарына  аумақтық сайлау комиссияларының кеңейтілген отырыстары өтті.

Отырыстарда Жамбыл  Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов сөз алып, жалпы облыстағы  сайлау жүйесін қорытындылай келе, өткен сайлау науқанын өткізу барысында жоғары белсенділік танытқан азаматтарға,  сайлау комиссияларына  сайлауды жоғарғы ұйымшылдықпен өткізгені үшін Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың  алғысын  жеткізіп, ҚР ОСК және Жамбыл Облыстық сайлау комиссиясының алғыс хаттарымен бірқатар азаматтарды марапаттады.

Дата публикации
18 марта 2021
Дата обновления
18 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы