ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2021 жылдың 4 қаңтарында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Облыстық сайлау комиссия төрағасының орынбасары С.Мадиева, хатшысы М.Әбдіре, комиссия мүшелері және аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының төрағалары.
Отырысты Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, алдағы сайлау науқанына дайындықтың негізгі іс-шараларына тоқталып, күн тәртібіне көшті.
Отырыстың күн тәртібінде: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі негізгі іс-шараларына байланысты мәселелер талқыланып, АСК төрағаларына келесі тапсырмалар берілді:
1. Сайлау учаскелерінің материалды-техникалық базасын жабдықтау бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 21 қазандағы №21/183 қаулысымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жабдықталуын қамтамасыз ету;
2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 69 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, сайлау күні әрбір сайлау учаскесінде санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау учаскесінде дауыс беруіне барынша жағдай жасауды тапсырылды.
https://youtu.be/00tRwot8yL4