Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы партия мүшелерімен кездесті.
30 желтоқсан күні облыстық сайлау комиссяисының төрағасы Серғали Айдапкелов облыс бойынша тіркелген партия мүшелерімен кездесті. Мұнда партиялардың алдағы саяси науқанға дайындығы пысықталып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барысында хаықпен дұрыс жұмсы жасау жайы кеңінен айтылды.
Жиында комиссия төрағасы партиялардың сайлауалды үгіт-насихат кезінде халықпен дұрыс қарым-қатынас жасау керектігіне баса мән берді. Өйткені, тұрғындардың басым бөлігі партиялардың ұсынып отырған бағдарламаларынан бейхабар. Сол себепті, түсіндіру жұмыстарын мықтап қолға алып халықпен кездесу кезінде жіті айтып жүруге шақырды.
Сонымен қатар, жиында қаралған тағы бір мәселе – сайлау кезінде барлық учаскілерде санитарлық талаптар қатаң сақталуы болды. Айта кетейік сайлауға түсіп жатқан партия өкілдері сайау учаскілерінен ПЦР тест тапсырып келуге міндетті. Өйткені, жағдайды ушықтырып алмас үшін қауіпсіздік шараларын естен шығармауымыз керек дейді мамандар.