Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
партиялық тізімдер бойынша тіркелген саяси партиялардың сайлау қорларына түскен қаржылардың жаратылуы туралы
2020 жылғы 31 желтоқсанға
хабарламасы
«NurOtan» Партиясы» Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі «Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалында 2020 жылғы 26 қарашада есеп шотын ашқан.
2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, сайлау қордағы жалпы сома 114 500 000 (жүз он төрт миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.
Оның ішінде, партияның жеке қаражаты 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды. Ерікті қайырмалдықтар 84 500 000 (сексен төрт миллион бес жүз мың) теңге.
Сайлауалды үгіт науқанында 71 867 902 (жетпіс бір миллион сегіз жүз алпыс жеті мың тоғыз жүз екі) теңгесі жаратылған.
«Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның Астана өңірлік филиалының анықтамасына сәйкес, «Ак жол» Қазақстанның Демокартиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сайлау қордағы сомасы 6 000 000 (алты миллион) теңгені құрайды.
2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, сайлауалды үгіт науқанын 4 800 670 (төрт миллион сегізжүз мың алтыжүз жетпіс) теңгесі жаратылған.