№ 26 сайлау участкесінде «Сайлау күні» іскерлік ойыны өтті
2020 жылдың 30 желтоқсанында Тараз қаласының № 24 гимназиясында орналасқан № 26 сайлау учаскесінде «Сайлау күні» іскерлік ойыны өткізілді.
Аталған іс-шараны облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі және № 26 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі ұйымдастырып өткізді. Қатысу үшін ДИАҚБ-дан халықаралық бақылаушылар шақырылды: Пол Уэссон – Ұлыбритания біріккен корольдігінің азаматы, Евгений Логинов – Ресей Федерациясының азаматы.
Іс-шараны облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мадиева С.Қ. ашты. Ол өзінің кіріспе сөзінде осындай оқыту іс-шаралары ҚР ОСК бастамасының арқасында өткізілетінін атап өтті. Мадиева С.Қ. іскерлік ойынға қатысушылардың назарына 2017 жылы ОСК өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында электоралдық оқытуды ұйымдастырғаны туралы ақпаратты жеткізді. Қазақстанның барлық өңірлерінен 150 адам оқытылды және сертификатталды, олардың ішінен каскадты әдіспен сайлау процесіне қатысушыларды одан әрі оқыту үшін жаттықтырушылар корпусы құрылды. Өз аймақтарындағы сертификатталған жаттықтырушылар «үштікті» оқытады: аумақтық сайлау комиссияларының төрағасы, төрағасының орынбасары және хатшысы. Олар, өз кезегінде, төмен тұрған сайлау комиссияларының төрағаларын, төрағаларының орынбасарларын және хатшыларын, ал соларды - өздерінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытады. Бұл каскадты оқыту әдісі. Осылайша, 2020 жылдың қараша айында сайлау комиссияларының құрамында алғаш рет жұмыс істейтін 993 адам оқытылды.
Содан кейін ол ойын жүргізу құқығын № 26 учаскелік комиссияның төрағасы, сертификатталған жаттықтырушы Гладченко М.В. берді. Іскерлік ойын барысында байқаушылар байқаған және айтқан қателіктер әдейі жіберілді. Іс-шара соңында ең белсенді шақырылған қонақтар жіберілген қателіктерді атап өтті. Сайлау кезінде туындайтын осындай жағдайларға егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Іскерлік ойын ұйымдастырушылары белсенді қатысушыларды сыйлықтармен марапаттап, халықаралық байқаушыларға қатысқаны үшін алғыс білдірді