Пресс-релиз
2020 жылғы 24 желтоқсан күні сағат 17.30-да Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен облыстық «Партиялық емес тәуелсіз байқаушылар одағы» мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов, комиссия төрағасының орынбасары С.Мадиева, комиссия хатшысы М.Әбдіре, комиссия мүшелері Т.Жамалов, С.Қойшыбаев, Ж.Бекбергенова, А.Боранбаевтар және «Партиялық емес тәуелсіз байқаушылар одағы» тарапынан басшысы П.Мамедова, мүшелері Р.Нұрақбаев, Ж.Мамашевалар қатысты.
Кездесу барысында, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов облыстағы сайлау науқанына дайындық жұмыстарымен таныстырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында айқындалғандай дауыс беру күні байқаушыларға қойылатын талаптарды айтып өтті.
Өз кезегінде «Партиялық емес тәуелсіз байқаушылар одағы» басшысы П.Мамедова, қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алып, алдағы сайлау науқанында байқаушылар өкілеттігі шегінде жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.