Меню

Страницы

Статья

 Жамбыл облыстық   сайлау комиссиясы хабарлайды 

       Жамбыл облыстық   сайлау комиссиясы хабарлайды 

 

2020 жылғы 21 қарашада Жамбыл облыстық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 103 және 104-бабтарына сәйкес, «NurOtan» партиясының Жамбыл облыстық филиалынан  Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:

  • Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
  • Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
  • Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;
  • Саяси партияның өкілетті органда тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  • Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші және өмірбаяндық деректері;
  • Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;
  • Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;

Саяси партияның өкіліне  партиялық тізімді тіркеу үшін тағы да ұсынылатыны ескертілді:

  • Ү.ж. 1 қарашадағы жағдайға кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
  • Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (банктен түбіртек);

Жамбыл облыстық  сайлау комиссиясы тізімдерге енгізілген  мәслихаты депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.

ҚР мәслихаттары  депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы  партиялық тізімдерді ұсынуды  ағымдағы жылдың 10 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында ( сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.

Дата публикации
23 ноября 2020
Дата обновления
23 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар
Ақпарат
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы