Бүгінгі күнге облыс бойынша 45285 мүгедек бар (оның ішінде 1-ші топтағылар – 4113 адам, 2-ші топтағылар - 18044, 3-ші топтағылар - 16658 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6470 адам)
2020 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 805,8 млн. теңге(сурдо-118,9 млн.теңге, тифло-106,4 млн.теңге, кресло-арбалар-87,4 млн.теңге, протез-ортопедиялық және компенсаторлық құралдар-229,0 млн.теңге және санторлы-курорттық емделу-264,1 млн.теңге) қаржы бөлініп, есепті мерзімге әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 7600 мүгедекті тиісті бұйымдармен (сурдо-992, тифло-1230, кресло-қорап-990, протез-ортопедиялық құралдармен-2238, санаторлы-курорттық жолдамалдармен-2150) қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Есепті мерзімге сурдо құралдардан 30,6 млн.теңгеге(340 есту аппараты және 102 есту қабілеті нашар (саңырау) мүгедектерге арналған ұялы телефон), тифло құралдардан 61,0 млн.теңгеге(200 трость, 55 сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, 137 дыбысты хабарлама мен диктофонды ұялы телефондар, 138 көру қабылеті нашар (зағип) мүгедектерге арналған сағат, 25 Брайль құралы, 42 Брайль жазуына арналған грифель, 190 Брайль жазуына арналған қағаз) және кресло-арбалардан 33,7 млн.теңгеге(260 ересектерге арналған бөлмелік, 69 балаларға арналған бөлмелік, 61 балаларға арналған серуендік, 30 балаларға арналған көп салалы, 15 ересектерге арналған көп салалы) жеткізіліп, мүгедектерге таратылды. Сонымен қатар, санаторлы-курорттық жолдамалар 2101 мүгедекке беріліп, бекітілген кестеге сәйкес, 1000 мүгедек емдеу-сауықтыру қызметтерімен қамтылды.
2020 жылы Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен 1557,4 млн.теңгеге 9900 азаматты әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланып (гигиеналық құралдармен – 4460 адам, ымдау тілінің маманымен – 400, жеке көмекшінің қызметімен - 2540, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметпен – 2500 адам), есепті мерзімге 1086,4 млн.теңгеге 9409 азаматқа (гигиеналық құралдармен – 4147 адам, ымдау тілінің маманымен – 397, жеке көмекшінің қызметімен - 2478, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметпен – 2387 адам)әлеуметтік қызметтер ұсынылды.
4 медициналық-әлеуметтік мекемеде толық мемлекет қамқорлығындағы 1126 адам 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерімен қамтылуда. Ал, жартылай стационарлық жағдайда мүгедектерді және мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу Орталықтарында 230 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан әлеуметтік жоба арқылы ұсынылатын үйде және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 345,9 млн.теңге бөлініп, 1700 мүгедектерге жартылай стационар мен үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс көлемінде 2323 психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедекке арнайы инватакси қызметі көрсетілуде.
2013-2020 жылдары облыс көлемінде 1030 инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жоспарланып, бүгінгі күнге 1030 нысанда бейімдеу жұмыстары аяқталды (100%).
Сонымен қатар, Тараз қаласында 27 орындық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығында есепті мерзімде 27 әйел арнаулы әлеуметтік қызметтерімен қамтылуда.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспары дайындалып, соған сәйкес 2020 жылы 555 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
2020 жылдың 1-қарашасына жұмыспен қамту органдары арқылы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 1060 мүгедек жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 951 мүгедек жұмысқа орналасты, олардың 411-і тұрақты жұмыстармен қамтылып, 540-і уақытша жұмыстармен қамтылды. Уақытша жұмыстармен қамтылғандар ішінен: 414-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 45-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 35-і жастар практикасына жұмыстарға, жұмыспен қамтудың жол картасына маусымдық жұмысқа 46-і жолданды. Сондай-ақ 48 мүгедек қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданды, бастау бизнес оқуға-21, 40 адам шағын несие алды.
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық қосалқы құралдармен қамтамасыз ету
Техникалық қосалқы құралдар, протезді-ортопедиялық құралдар, сурдо-тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар.
Сурдотехникалық құралдар – есту ақауларын түзетуге және өтеуге арналған техникалық құралдар, соның ішінде байланыс және ақпарат тасымалдауды күшейту құралдары.
Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде қамтамасыз етіледі.
Сурдотехникалық құралдармен мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
-Мүгедек-балалар;
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер қамтамасыз етіледі;
Тифлотехникалық құралдар – мүгедектердің көру ақауы негізінде жоғалған мүмкіншіліктерін түзетуе және қалпына келтіруге бағытталған құралдар.
1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тифлотехникалық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде қамтамасыз етіледі.
Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты тұратын жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш беріп, олар әзірлеген мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде протездік-ортопедиялық құралдарға қажеттілікті, олардың тізбесі мен санын көрсете отырып айқындайды.
Протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу:
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге;
- Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;
-Жалпы аурудан мүгедек болғандарға;
Бала жасынан мүгедектерге;
-Мүгедек балаларға жүргізіледі.
Міндетті гигиеналық құралдар деп мүгедектің табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер ұғынылады.
Мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде қамтамасыз етіледі.
Міндетті гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектер тұрғылықты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімдеріне өтініш береді.
Мүгедектерге ұсынылатын техникалық қосалқы құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдардың тізімі
1. Протездік ортопедиялық құралдар:
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
2) жілiншiк протездерi;
3) жамбас протездерi;
4) кеуде бездерінiң протездерi;
5) аппараттар, туторлар, ортездер;
6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары;
9) ортопедиялық аяқ-киiм және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар);
10) аппараттарға арналған аяқ-киiм.
Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ахтанбердиев көшесі №1 «б» үй
25-орынға арналған
Директоры-Ракаева Клара Балтабайқызы, 8(72632)4-10-45
Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы
Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі 54 а
25-орынға арналған
Директоры-Мінізқұлова Эльнура Төлендіқызы 8(72636)4-68-00
Орталыққа 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар қабылданады.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
- әлеуметтік-медициналық қызмет;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет;
- әлеуметтік-педогогикалық қызмет;
- әлеуметтік-еңбек қызмет;
- әлеуметтік-мәдени қызмет.
Жолдама алуға қажетті құжаттар:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
- мүгедектігі туралы анықтамадан көшірме;
- медициналық карта;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
- қызмет алушының жазбаша өтініші.
Мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы
Тараз қаласы, Асқаров көшесі №20
Директор – Бектасова Гүлнар Жамалбекқызы, тел 45-88-05, 43-19-32
Орталыққа жалпы аурулар мүгедектері, кәсіптік аурулар мен қызметтік міндеттерін атқару барысында мүгедек болған 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйел азаматтары, 63 жасқа дейінгі ер азаматтар қабылданады.
Жолдамалар уәкілетті органы берген жолдама негізінде орындалады.
Тұру уақыты 1 жыл ішінде 6 айдан аспауы қажет.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
- әлеуметтік-медициналық қызмет;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет;
- әлеуметтік-педогогикалық қызмет;
- әлеуметтік-еңбек қызмет;
- әлеуметтік-мәдени қызмет.
Жолдама алуға қажетті құжаттар:
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
- мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме;
- медициналық карта;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
- қызмет алушының жазбаша өтініші.
«Жамбыл облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тараз қаласы, Өтеулиев көшесі 40 «а»
25-орынға арналған
Директоры-Қалыбекова Жамал Дуйсембаевна 45-67-83
Орталыққа түскен әйелдерге тұрмыстық, эмоциялық зорлық-зомбылықтың немесе зорлық-зомбылық салдарынан қиын жағдайға тап болған қызмет алушыларға орталық мамандарының кеңесі беріледі, уақытша баспанамен қамтамасыз етііледі (1 айдан 6 айға дейін жағдайының қиындығына байланысты), оңалуға және әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі, қолдау көрсетеді және әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық және құқықтық кеңес береді.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
- әлеуметтік-медициналық қызмет;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет;
- әлеуметтік-педогогикалық қызмет;
- әлеуметтік-құқықтық қызмет;
- әлеуметтік-мәдени қызмет.