Халықты жұмыспен қамту туралы
2020 жылдың 1 қарашасына 51407 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 37733 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасты.
2020 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарға 11854 адамды тартуға 4511,8 млн. теңге қаралып, есепті мерзімге ақылы қоғамдық жұмыстарға 13171 адам жолданды.
2020 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 1072 адам жіберілуі жоспарланып, 227,9 млн.тг. қарастырылды. 2020 жылдың 1 қарашасына әлеуметтік жұмыс орындарына 1554 адам жіберілді.
Ал жастар практикасына 2313 жас түлек жіберуге жоспарланып, 652,2 млн.тг. қарастырылған. Есепті мерзімге жастар практикасына 2450 түлек жіберілді.
Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін іске асыру нәтижесінде 2020 жылдың 2 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі - 2,9 пайызын құрады.
Жалпы өзін өзі жұмыспен қамтылғандардың санындағы нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 4,7 пайыздан 5,0 пайызға дейін жоғарылады.