Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде |
|
|
теңгеден |
теңгеден |
|
|
D-O-4 |
108306 |
146177 |
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: басқарманың барлық мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарын ұйымдастырады және келісім-шарттарды әзірлейді. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы бойынша экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес уәкілетті органға есеп береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлейді және мониторинг жүргізеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Басқармада Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне тұрақты негізде мониторинг жүргiзеді. Басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Басқарманың басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Басқарманың қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде бөлім басшысына ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды жүзеге асырады. Заңгерлік сұрақтар бойынша түсініктеме және заңгерлік қорытынды береді. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшының орынбасарының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, су бұру жөніндегі құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету, нысандардың бірқалыпты жұмыс істеуіне, экономиканы тұрақтандыруға кедергі жасайтын себептерді жою үшін басқарма басшысының қарауына ұсыныс береді, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Облыс аумағында орналасқан кәсіпорындарды, мекемелерді сумен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жинау және тиісті орындарға тапсыру, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Су объектілеріне қатысты облыс әкімінің және облыс әкімдігі отырысының шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды. Су объектілеріне қатысты құқықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлейдi немесе әзiрлеуге қатысады, құқықтық құжаттарды дайындайды және ресiмдейді, қорытындылар жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында. Мамандығы: су ресурстары және суды пайдалану немесе гидрогеология немесе құрылыс.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Су Кодексін, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Функционалдық міндеттері: Тараз қалалық емдеу-алдын алу ұйымдарында, стационарларда белгіленген кезеңдегі жұмыс қорытындысы бойынша статистикалық сараптама дайындау. Статистикалық жұмыс бойынша Тараз қалалық емдеу-алдын алу ұйымдарында әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Басқармаға берілетін есептердің уақытылы өткізілуіне, есеп беру құжаттамасының жүргізілуіне, Тараз қаласындағы емдеу-алдын алу ұйымдарындағы жұмыс жоспарының орындалуына бақылау жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарап, шұғыл шаралар қабылдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы. Мамандығы: жалпы медицина немесе қоғамдық денсаулық сақтау.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, ҚР Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: барлық бастапқы және кассалық құжаттарды жасайды, мемориалдық ордерлерді құрады, оларды жинақтау және талдау бойынша есепке алу кітаптарына тіркейді, барлық айналым ведомостарын құрады. Еңбекақы, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қоры бойынша барлық есептерді құрады. Дебиторлармен және кредиторлармен, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қорымен есептесу үшін барлық тапсырмаларды әзірлейді. Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақшалай қаражаттар, есептерге белгіленген тәртіппен түгендеу жүргізеді. Қаржы басқармасын қаржыландырудың жеке жоспарының орындалуы бойынша айналым ведомостарын құрады, негізгі құралдар мен материалдарды есепке алу жумысын жүргізеді. Қазынашылық органында облыстық бюджеттен қаражат аударуға, жиынтығын тіркейді және рәсімдейді; Қаржы басқармасының тауарлы-материалдық құндылықтарын, ақшалай қаражаттарын, есептерін түгендейді, түгендеу нәтижелерін рәсімдейді; Барлық бастапқы құжаттарды жасайды, №1,№2, ,№5, №8, №16 мемориалдық ордерлерін құрады,оларды жинақтау және талдау бойынша есепке алу кітаптарына тіркейді. Ай сайын бухгалтерлік құжаттарды әзірлейді және тігіп қояды. Ай сайын Қазынашылық органы мен басқа да мемлекеттік мекемелердің мәліметтерін Қаржы басқармасының мәліметтерімен салыстырып тексереді;
Бюджеттік мекемелерге, төменгі тұрған аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің кассалық және нақтылы шығыстарын бухгалтерлік есепке алуды жүргізу үшін нұсқауландырады және нақтылы көмек көрсетеді. Статистикалық есептер және салықтар, қоршаған орта бойынша декларация тапсыру. Қазынашылық – клиент және 1 С бағдарламаларымен жұмыс жүргізеді. Шарттар мен есептердің барлық түрлерінің уақтылы және дұрыс құрылуын қадағалайды. Қаржы басқармасының жеке қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша мерзімдік және жылдық есепті құрады. Қазынашылық органынан №4-20 нысаны бойынша мәлеметтерді алады. Қазынашылық-клиент бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Басқарма аппаратын жеке қаржыландыру жоспарының өзгеруі жөніндегі анықтамаларды әзірлейді. Компьютерде әрбір қызметкерге жеке зейнетақы эәне әлеуметтік жинақталуының есептерін жүргізеді. Барлық бастапқы құжаттарды жасайды, №6 мемориалдық ордерлерін құрады,оларды жинақтау және талдау бойынша есепке алу кітаптарына тіркейді. Депозиттік шотының мемориалдық ордерін құрады және талдау бойынша есепке алу кітаптарына тіркейді. Тоқсан сайын облыс бойынша мәліметтерді: «Жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетуінен алынған қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп» бағдарламалық өнімінде жиынтықтайды. Жаңа бағдарламалық өнімдерді қабылдап, қызметкерлерді оқытады, төменгі тұрған қаржы органдарына бағдарламаны орнатып, іске қосуға нақтылы көмек көрсетеді;
Мекемелердің қаржыландырылуының және кассалық шығыстарының талдамалы есепке алынуының шоттары бойынша бухгалтерлік мемориалдық ордерді өңдеуді құрады. Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мақсатымен компьютерде нысандарын жасайды. Бюджеттің орындалуы бойынша мерзімдік (айлық және тоқсандық) және жылдық есептің жиынтығын құрады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нұсқауларына сәйкес өзіндік –облыстық бюджеттің орындалу кірістерін есепке алу бойынша барлық бастапқы құжаттарды жасайды, бухгалтерлік мемориалдық ордерді өңдеуді құрады. Кіріс кітабына жазады. Қаржы басқармасының есепке алу мәліметтерімен салыстырып тексереді. Жергілікті бюджетті жүргізеді және бас кітапшаға енгізеді. 2-18, 5-15, 5-20, 5-34 бойынша жұмыс жүргізеді. Ай сайын бухгалтерлік құжаттарды әзірлейді және тігіп қояды; Бөлімнің іс жүргізуін ҚР Заңдарына, Ісжүргізу нұсқауына сәйкес жүргізеді. Бөлімнің бақылауындағы құжаттардың орындалуына жауапкершілік көтереді. Бөлімнің қатынасхаттарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне жауапкершілік көтереді. Бөлімдегі қызметтік іс-атауларының жүргізілуіне жауапкершілік көтереді. Басқа да міндеттерді және бөлім бастығының тапсырмасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе әлемдік экономика
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: Мойынқұм ауданы аумағында: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныс енгізу; мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету; облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу үшін құжаттарын жинақтау; ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру; ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру; эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу; эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру; ветеринариялық препараттарды сақтауды және жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу; мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау; қажеттілігіне қарай бөлім басшының басқада тапсырмаларын орындау; жұмысына байланысты құжаттарды даярлау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ветеринария саласындағы. Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы).
"Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: тікелей бөлім басшысына бағынады; Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарының жұмысы туралы ақпарат дайындайды; хатшылықтың жұмысын жоспарлай білу және ұйымдық қамтамасыз ету; облыс Қазақстан халқы ассамблеясы сессияларының материалдарын, әртүрлі ақпараттар, есептер, талдау жазбаларын, анықтамалар дайындау; этномәдени орталықтар басшыларына этностар мен мәдениет күндерін, конференциялар, жиналыстар даярлауда және өткізуде ұйымдық және тәжірибелік көмек көрсету; жұмыс және өткізілетін іс-шаралар мониторингі, республикалық, облыстық, аудандық БАҚ-тан тиісті тематика бойынша матариалдар іріктеу және жүйелендіру; Әрбір қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы матариалдар жинақтау; облыс аудандарындағы этнобірлестіктер басшыларымен жұмыс жасау; этномәдени бірлестіктердің жұмысын қойылған міндеттерді шешуге бағыттай білу; этномәдени бірлестіктерге және тұрғындарға кеңестер беру және әдістемелік көмек көрсету; облыс Ассамблеясы сессиясы және Кеңесінің отырыстарына материалдарды дайындайды, облыс Ассамблеясы сессиясының және Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылауды ұйымдастырады; этносаралық қатынастар саласындағы процестерді зерттейді және талдайды; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясымен, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен, облыс, қала және аудандар әкімдіктерімен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; бөлімнің құзыреті шеңберінде этностық топтар бөлінісіндегі статистикалық деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады; этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша этномәдени бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау мәселелері бойынша мониторинг жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар салаларындағы. Мамандығы: психология немесе әлеуметтану немесе саясаттану немесе филология немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңы, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; Жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес жұмыстарды жүргізу;
Жер қатынастары мәселелері бойынша сот және басқа да органдарда басқарманың мүддесін қорғау; Жер нарығын қалыптастыру, жердің сауда-саттығын өткізуді ұйымдастыру және үйлестіру; Жерге орналастыру жобасының қолданыстағы заңға сәйкестігін қарау; Хаттар мен өтініштерді қарау, жауаптарын заң талаптарына сәйкес әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - бизнес, басқару және құқық немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы. Мамандығы: агрономия немесе жерге орналастыру немесе кадастр немесе құқық.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 401, 402 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не "Электрондық Үкімет" порталы алынған анықтама);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не "Электрондық Үкімет" порталы алынған анықтама).
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
|
|
__________________________ |
|
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Мекен жайы: ________________________________________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________________________________
e-maіl: ______________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________
_________ ___________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"____"_______________ 20__ ж.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________ |
||||
|
_______________________________________ |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / |
||
|
|
қабылданған / |
босатылған / |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады